Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Өскемен қаласындағы «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» қараша айының 27-сі күні № 27 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты «Абай оқулары» болып өтті. 

8-9 сыныптар арасында өткен сайыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең ақынның өлеңдерін жатқа оқу, көркемсөз шеберлігі, одан кейін М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді келтіру және үшінші кезеңде Абайдың әндерін орындауға арналды. Сондай-ақ, берілген тақырыпта өлең шығару да көзделді. Қатысушылардың үстіндегі әдемі ұлттық киімдер, әуелеген әсем музыка іс-шараны байыта, мазмұнын толықтыра түсті.

Іс-шара соңында қатысушыларға марапат қағаздары тапсырылып, бағалы сыйлықтар табысталды. 

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.