You are here

Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті

14.11.2017, 14:18   306

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облыстық ҚХА Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне 2017 жылдың 6 қазанында Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы ҚХА Аналар кеңесінің рөлі атты отырысында қарастырылған мәселелер қойылып, талқыланды.

Аналар кеңесі төрайымының орынбасары  М.М Даулетбекова: «Аналар кеңесі бүгінгі күнге дейін отбасылық  зорлық – зомбылықтың, жасөспірімдердің ерте жүктілігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектептерде, балалар үйлерінде және де жеке отбасыларда түрлі бағыттағы шаралар өткізуде. Жалпы «Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын іске асыруға байланысты рухани құндылықтарымыз болып саналатын салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуда Аналар кеңесі қалыс қалмауымыз керек», – деді.

Сонымен қатар, отырыс барысында жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, алдағы атқарылар жұмыс жоспарымен бөлісті.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 14 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15