Ажарымның ажарлы кеші

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1 сәуір күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» «Ажарым» ансамблінің дәстүрлі есеп беру кеші болып өтті. Шараға ансамбльдің жас таланттары ат салысып, келген қонақтарға ән мен биден шашу шашты.

Кеш барысында сахна төріне «улыбка», «вайнах» сынды Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ең дарынды шығармашылық ұжымдары да қатысып биден шашу шашса, «Ажарым» ансамблінің мүшелері салт-дәстүрді ұлықтайтын, ата-баба жолымен көнеден келе жатқан «келін түсіру», «алас» рәсімдерін көрсетті.

Шара соңында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру қызметінің басшысы Бұлғымбаева Әсел Алтынбекқызы, келген қонақтарға алғысын білдіріп, «Ажарым» тобының жетекшісі Гүлзада Төлегенқызына ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.