You are here

Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы гала-концертпен аяқталды

03.10.2017, 10:58   332

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Достық үйінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Достық үйлері директорларының форумы өтті. Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Прокопенко Леонид Андреевич, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Светлана Ферхо және басқа да облыстардағы «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері, қалалық және аудандық Достық үйлерінің директорлары мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты. 

Форум барысында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л. А. Прокопенко осыдан 25 жыл бұрын ашылған Достық үйі талай тың жобалар мен жаңа идеяларға бастамашы болғандығын, күні бүгінге дейін сол бастамашылдық үрдістен жаңылмай келе жатқандығын айта келе ширек ғасырлық мерейтойын атап отырған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымын құттықтады. 

Кезекті сөз алған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Светлана Ферхо өзі туып өскен өлкедегі татулық пен бірліктің мызғымай салтанат құрғандығына, осы өңірде тіршілік етіп жатқан сан ұлттың алтын ұясына айналған ортақ үйлері - Достық үйінің алар орны ерекше екендігін атап өтті. 

Сонымен қатар, Форумға қатысқан өзге өңірлерден келген «Қоғамдық келісім» мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері де өз тәжрибелерімен бөлісе отырып, Достық үйі ұжымын құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады. 

Отырысты қорытындылаған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков Форум қатысушылары мен 25 жылдық мерейтойға арнайы келген қонақтарға алғыс білдірді.

Іс-шара соңы облыс басшысы Даниал Кенжетайұлының қатысуымен өткен гала-концертке жалғасты. Гала-концерттің ашылу салтанатында Д.К Ахметов Достық үйін 25 жылдығымен құттықтап, бірқатар этномәдени бірлестіктердің төрағаларына «Достық үйінің 25 жылдығы» естелік медальдарын табыстады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15