«ЭТНО-FASHION» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласы «Этноауыл» кешеніндегі Ethno Music Hall-да Қазақстан халқы Ассамблеясының «ЭТНО-FASHION» республикалық фестивалі өтті.

Фестивальдің басты миссиясы – ежелгі қазақтың ежелгі мәдениетін  және Қазақстан этностарының дәстүрін тану, ұлттық костюм мен сәндік-қолданбалы бұйымдардың элементтері арқылы тарихтың жарқын беттерін көрсету.

Фестивальдің мақсаты – күнделікті киілетін киімге этникалық элементтерді қосу арқылы Қазақстанда өмір сүретін этностардың ұлттық кодтарын сақтау.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, қазақстан эстрадасының әртістері, жастар қатысты.

Фестивальде еліміздің барлық өңірлерінен келген 10-нан астам модельерлердің, дизайнерлердің және халық шеберлерінің үздік жұмыстары ұсынылды.

Фестиваль аясында мынадай іс-шаралар кешені өтеді:

1. «Ұлы дала өрнектері» (Ұлы дала өрнектері) - ер, әйел, жастар, балалар киімдері үлгілерінің көрсетілімі;

2. «Сәнді этнокиім» (Модная этноодежда) – Заманауи киімде этника элементтерін қолданып, этникалық стильдеудің ерекшеліктерін ашатын Қазақстанның жетекші дизайнерлерінің шеберлік сабақтары,

3. «Бірлік әралуандылықта» көрсетілімі - Қазақстан этностарының этникалық және сахналық костюмдерінің, этника элементтері қолданылған офистік киімнің сән шеруіі.

4. «Ата өнері - ұрпаққа мұра» (Искусство предков – наследие для потомков) – фестивальдің атмосферасын халықтық шығармашылық элементтерімен  толықтыра түсетін қолдан жасалған бірегей тауарлардың жәрмеңкесі мен қолөнершілердің түрлі шеберлік сабақтары өтеді. 

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 11 Қыркүйек, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.