Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 10 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалі болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері,  ҚХА  хатшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің, этномәдени бірлестіктер және елорда жастарының  өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін сақтаужәне еліміздің мәдени әралуандығының ерекшеліктерін ашып көрсету.

Фестиваль аясында этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар мен кәсіби шығармашыл ұжымдарының театрлық, вокалдық-хореографиялық көріністер мен би композицияларын қамтитын театрлық-көркемөнер қойылымдары көрсетілді.

Қойылымдарда көпэтносты Қазақстан халқының өзіндік мәдениеті және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, өзегі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылатын жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің бірегейлігі көрініс тапты. 

Фестиваль «non-stop» үлгісінде өтті. Бағдарламаның әрбір нөмірі туған жер туралы қысқаша бейнебаянмен толықтырылып ұсынылды.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 11 Қыркүйек, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.