You are here

«Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» ҚҚ ұйымдастырған, достық пен толеранттылықты және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Бірге өмір сүру» жастар фестивалі өтті

30.10.2014, 15:59   52819

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2014 жылдың 28 қазанында «Астана» Ұлттық сурет галереясы ғимаратында, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы желісі бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» ҚҚ ұйымдастырған, достық пен толеранттылықты және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Бірге өмір сүру» жастар фестивалі өтті.

Фестиваль аясында ең тату, талантты отбасыға арналған конкурс болды. Аталған байқауға on-line тәртіпте іріктеу кезеңінен өткен 7 отбасы қатысты:  

Отбасы

Тұрғылықты жері

1

Жандарбай отбасы

ОҚО

2

Өтекеевтер отбасы

Астана қ.

3

Қарғабаевтар отбасы

Қарағанды қ.

4

Хашымжановтар отбасы

ОҚО

5

Пархоменко отбасы

Петропавл қ.

6

Алтынбековтер отбасы

Жезқазған қ.

7

Ивановтар – Паули отбасы

Павлодар қ.

Сондай-ақ, фестиваль ұйымдастырушылары, құрметті қонақтар ретінде 2 еңбек әулетін – жалпы еңбек өтілі 116 жылды құрайтын Бамиллер Сергей Викторовичтің кеншілер әулетін (Қарағанды қ.) және жалпы еңбек өтілі 107 жыл болатын Ахметов Кеңдай Төлеуханұлының теміржолшылар әулетін (Астана қ.) шақырды. Тиісті еңбек әулеттерінің өкілдері фестиваль қатысушыларына сәттілік тілеп, сөз сөйледі. Шара қорытындысында оларға гүш шоқтары мен бағалы сыйлықтар табысталды.  

Конкурста бағын сынаушылардың өнерін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмадиев Мұрат Әбдірейімұлы төрағалық еткен білікті қазылар алқасы бағалады. Осымен бірге, қазылар алқасының құрамына келесі тұлғалар кірді:  

Т.А.Ә.

Қызметі

  1.  

Шанаи

Нәзипа Ыдырысқызы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі

  1.  

Мәжитов

Мақсат Бекболатұлы

ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі департаментінің басқарма бастығы

  1.  

Калашникова

Наталья Павловна

Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебі «Мемлекеттік саясат» кафедрасының меңгерушісі

  1.  

Құсайынова

Априза Құсайынқызы

«Астана-Опера» театры мұражайының директоры, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

Конкурс үміткерлер өз шығармашылық қабілеті мен отбасындағы бірлікті паш еткен бес тапсырмадан тұрды.

Бұл тапсырмалар арасында этномәдени бірлестіктердегі жастар шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары өнер көрсетті – Оқушылар сарайының «ТҰМАР» би ұжымы (Астана қ.), «Мирас» вокалдық-аспаптық ансамблі (Павлодар қ.), Васил Сисанбаев (Петропавл қ.), Сирош Талипжанов (ОҚО). 

Фестиваль эстарадалық орындаушы Серік Ибрагимовтің әнімен аяқталды.

Сонымен, конкурс нәтижесінде, І орынды Алтынбековтер отбасы (Жезқазған қ.), ІІ орынды Ивановтар-Паули отбасы (Павлодар қ.), ІІІ орынды Өтекеевтер отбасы (Астана қ.) иеленді.

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және қатысушыларына салтанатты жағдайда бағалы сыйлықтар, дипломдар мен алғыс хаттары табысталды.

Кеш шымылдығын, барлық қатысушыларға алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы жапты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15