ҚХА акциясы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Шығыста

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Шығыс Қазақстан облысы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттарын қарсы алды.  Аягөз ауданының жанындағы Ақтоғай  стансасына аялдаған пойыз қонақтары елді-мекендегі тұрғындармен кездесу өткізді. Іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық атаулы мерекесімен құттықтаған пойыз штабының басшысы Әміржан Әлпейісов: «Біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған маңызды миссияны орындауға кірістік. Біздің үлкен6 көпұлтты Қазақстанда бірлік пен достық, бейбітшілік пен келісім, жарастық тапса, ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі»  деп атап өтті өз сөзінде.

Аягөз қаласында акция шеңберінде  қоғамдық қабылдаулар мен денсаулық саласына байланысты қабылдаулар, сонымен қатар көшпелі жиындар мен концерттер ұйымдастырылып, көптеген маңызды сұрақтарға кәсіби медиаторлар жауап береді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстан-2050» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы төңірегінде студент жастармен кездесулер өткізді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.