You are here

Құрметті отандастар!

30.11.2016, 12:38   1840

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен – Елбасы күнімен, Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған күнмен құттықтаймыз.

Бұл күні біз жаңа мемлекеттің жарқын болашағы үшін, қоғамдағы татулық пен бірлік үшін өзіне асқан зор жауапкершілік алған Ұлт көшбасшын  сайладық.  

Тәуелсіз Қазақстанды нығайту мен дамытудың  25 жылы әрқайсымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен  ерен еңбек етуіміздің арқасында, біздің Отанымыз қол жеткізген шоқтықты жетістіктер мен жеңістердің жылына айналды.  

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қазақстандық ұлы арман – Ұлы Дала Елін ең озық дамыған отыз елдің терезесі тең мүшесі ету туралы арманды орындайтын Бес президенттік реформа шеңберінде мемлекет пен қоғамды ауқымды модернизациялау жылы болды. 

Біздің әрқайсымыз үшін Тұңғыш Президент күні – елдегі тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенімділік, қоғамдық келісім мен бірліктің салтанаты үшін Мемлекет басшысына бүкілхалықтық сүйіспеншілік пен қолдау, адами зор ризашылық білдірілетін күн.  

Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев, шын мәнінде халық ішінен шыққан көшбасшы ретінде өзінің ерен еңбегімен асқан патриоттықтың, еліне  адалдықтың үлгісін көрсетті, оған ұқсау – әр азамат үшін зор мәртебе.   

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атап өтілетін жылы біз Елбасының бастамасымен  Қазақстан халқының рухани Конституциясы  болып табылатын «Мәңгілік Ел» патриоттық актін қабылдадық.

Оның негізінде  – бірлік, ортақ мүдде және тарихи тағдыр, қарапайым да түсінікті құндылықтар жатыр, олар: болашаққа деген сенімділік, қауіпсіздік, игілік пен балалардың бақыты.

Құрметті отандастар!

Біз сіздерге мемлекет қайраткері, өз халқының адал перзенті -Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің  орасан зор таланты мен саяси ерік-жігерін арнаған татулығымыз бен бірлігіміз баянды болсын деп тілейміз.     

Денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болсын!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15