Қылмыстық соттағы медиацияның рөлі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Альтернатива» медиация орталығының медиаторы  Т.З. Танекенова және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының медиаторы А.С. Қыдырханова қаламыздағы Қазақстан – Америкалық еркін университетінің колледжіндегі «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Қылмыстық соттағы медиацияның рөлі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында қылмыстық құқықбұзушылық істерді қарастыру барысында ҚР «Медиация» туралы заңының қолдану мәселелері жөнінде айтылды. «Альтернатива» медиация орталығының медиаторы Т.З. Танекенова елімізде медиация институтының кеңінен дамуы жолында, сонымен қатар тергеу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бітімгерлік істерді қолдана бастауы , құқық қорғау органдар мен медиаторлар тығыз өзара байланыс орнатқандығын тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда кез- келген даулы мәселені сотқа жеткізбей екі тарапты келістіру арқылы бітімгершілікпен шешуде медиацияның маңызы зор. Осы орайда семинар – тренинг барысында студенттер медиацияның әр саласы бойынша жағдаяттық есептерді шыгарып, тәжірибе ретінде медиатор рөлінде бола отырып, екі тараптың мәселесін шешуге мүмкіндік алды. Жалпы семинарға қатысқан студент жастар өздерін мазалаған медиация саласына қатысты бір қатар сұрақтарға жауаптар алды. Семинар – тренинг арқылы студенттердің медиация саласына деген қызығушылықтары арттыра түсті.

Өз кезегінде сөз алған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының медиаторы А.С. Қыдырханова Достық үйі – қоғамдық келісім орталығынның ресми сайтында виртуалды медиация кабинетінің тұрақты жұмыс істеп тұрғандығын айта келе, алдағы уақытта да мұндай семинар – тренингтердің жалғасы болатындығын жеткізді.

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 24 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.