You are here

«Менің елім – Мәңгілік ел» патриоттық акциясы өтті

25.11.2016, 16:12   617

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 23 қараша күні  Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Менің елім - Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясын Шығыс Қазақстан облысы қабылдап алды.

Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде - әкімшілік өкілдері, ШҚО ҚХА мүшелері, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы, этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының жетекшілері, мектеп, колледж және ЖОО студенттері жиналып,  қатысушылардың жалпы саны мыңнан асты.

Іс-шараның басты мақсаты –Тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін паш етіп, көп ұлтты халқымыздың достығын одан әрі нығайтуға үн қосу, әсіресе, жастар арасында мемлекетіміздің негізгі құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Делегация өкілдері қатарынан Павлодар қаласының жастары «Мәңгілік ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» кітабын өскемендіктерге салтанатты түрде тапсырды. Акция әрі қарай Қарағанды облысына жол тартты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15