You are here

Менің Польшам

12.11.2015, 18:32   778

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында №10 мектепте ШҚО поляктар этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Менің Польшам. Тәуелсіздік күні» атты шарасы өткізілді.

Дөңгелек үстелдің өту барысында қатысушылар Польша Республикасы туралы дәріс тыңдады, сонымен қатар елдің географиялық орналасуы, тарихи оқиғалары және тұлғалары туралы мәлімет алып, поляк тілімен дәстүрімен және Польшаның ЖОО-на түсу жолдарымен танысты.

Оқушылар Поляк этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Н.И.Зиновкинаның ұсынған интерактивті тапсырмаларына белсене қатысты. «Отандық білім немесе шетелдік білім алу» атты тақырыпта топтық түрде дискуссиялар өткізіліп, екі, яғни Қазақстан және Польша елдеріне сараптама жасады. Болашақ мектеп бітірушілер екі жақтың білім жүйесін салыстырып, тиімді және тиімсіз жақтарын айтты. Сонымен қатар оқушыларға Польша мемлекетін таныстыратын анимациондық фильм көрсетілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15