«Мейірімділік керуені» балаларға шаттық сыйлады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

26 қараша күні Достық үйі қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері республикалық «Мейірімділік керуені» атты акция аясында іс-шара ұйымдастырып, Ахмер ауылындағы «Балалар үйіне» барып, қайырымдылық кеш өткізіп қайтты.

Достық үйінің ұжымы «Балалар ауылына» бұған дейін де бірнеше рет келіп, түрлі концерттік бағдарламалар көрсетіп қайтқан. Бұл жолы балдырғандар «Барвинок» атты украин өкілдері ұйымының өнерін тамашалады. Бүлдіршіндер кешті қызыға тамашалап, Достық үйінен келген қонақтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған көрмемен таныстырды.

Іс-шара соңында «Барвинок» ансамблінің жетекшісі Анатолий Костюк бүлдіршіндерге алдағы уақытта тағы да көңілді кеш сыйлауға уәде етті.

  

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.