You are here

«Никола зимний» облыстық фестивалі

04.12.2017, 18:21   139

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 2 желтоқсан күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Никола зимний» облыстық фестивалі өтті.

Іс-шара Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен өтті.    

Фестивальді  ШҚО «Иртышский форпост» казактар қауымдастығының  атаманы Яковлев Александр Алексеевичтің  құттықтау сөзімен ашты.

Мерекеге Зырян, Шемонаиха, Глубокое және Ұлан аудандарының шығармашылық ұжымдары келіп өнерлерін көрсетті. «Hi-tech» және «Сударушки» хореографиялық би ансамблідері барша көрермендерді  билерімен бір серпілдірді. Ал, «Серебринка», «Родная станица», «Воля» ансамблдері және «Товарки», «Весняночка» фольклорлық ансамбльдері ән айтумен қоса құдалық рәсімінен үзінді көрсетті. Сондай – ақ, «Русская песня», «Ладушки», «Вдохновение» және «Бастеньки» сынды  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ансамбілдері өнер көрсетті. Фестиваль «Любо, братцы, любо» атты әнімен аяқталды.

Александр Андреевич фестивальді қорытындылай келе, барша шығармашылық ұжымдарға алғысын білдіріп, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15