You are here

Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі

30.11.2016, 11:16   612

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Өскемендегі Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ: ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ТҰҒЫРЫ» - 25 жұлдызды күн»  жалпы республикалық жоспары  аясында,  29 қараша күні «Соғыссыз әлем» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға облыстық ақсақалдар кеңесінің өкілдері, ШҚО ҚХА Аналар кеңесі, Журналистер клубы, жастар лигасы, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің төрағалары мен белсенділері, ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан – еркін түрде  ядролық  қарудан бас тартқан, бейбіт түрде ішкі және сыртқы саясатын ашық түрде жүргізіп отырған бірден-бір  мемлекет, - деп атап өтті іс-шара басында сөз алған Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы.

Сонымен қатар  облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  Шик Лео Богданович, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әшімов Жаңабай, орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайцев Николай Алексеевич, облыстық ассамблея хатшылығының бас маманы Черненко Татьяна Ивановна да  дөңгелек үстел басында өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында   қатысушылар Елбасы Н.Назарбаевтың данагөй саясатын бірауыздан қолдап, баспасөз өкілдеріне сұхбат берді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15