You are here

Өскеменде семинар-тренинг өтті.

12.11.2015, 21:12   1067

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Келіссөздер үрдістеріндегі медиация технологиялары» атты семинар тренинг ағымдағы жылдың 12 қарашасы күні «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» өтті. Ол - мемлекеттік мекемелер жұмыстарында медиация әдістерін қолдануға арналған оқу курсы. Дөңгелек үстел аясындағы «Келіссөздер үрдісіндегі медиация технологиалары» - атты семинар-тренингті кіріспе сөзімен, «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» директоры Э.Т.Төлеубеков ашты, ал оқыту курсын ШҚО «Шаңырақ» медиа орталығының директоры Э.А. Абдрахманова өткізді.

Бұл іс-шарада медиация туралы жалпы түсінік және оның міндет, мақсаты тұрғысында сөз қозғалды. Сондай-ақ медиация технологиаларын пайдалана отырып қолданылатын келіссөздер үрдісіндегі тиімді әдістер, азаматтарды қабылдау кезінде даулы жағдайлармен қайшылықтарды шешу жолдары тақырыптан тыс қалмады. Тақырыпқа сай видеобейнелер көрсетілді. Семинар-тренингке аудандық Достық үйлерінің директорлары мен қоғамдық келісім орталықтарының жетекшілері қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15