You are here

Рухани келісім күні

19.10.2016, 21:20   405

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Шығыс Қазақстан облысында  Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дін  саласындағы жаһандық мәселелерді талқылау үшін бір үстелдің басында әртүрлі конфессиялар мен этностардың,  мешіттердің, православиелік және католиктік шіркеулердің дін істері қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділерінің өкілдері жиналды.

Іс-шара барысында сөз алушылар, барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып, осы мерекенің маңыздылығна, сонымен қатар  Қазақстанда  130-дан  астам этникалық  топтардың барлық  өкілдері тең құқықта бейбіт күн кешіп жатқандығына тоқталды.

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ.Нұрғазиев өз сөзінде әлемде болып жатқан оқиғалардың, біздің елдегі жалпы жағдайға әсер етпеуі үшін алдын алу мақсатында  атқарылып жатқан түбегейлі жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс соңында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері жөніндегі департаменттің  басшысы Манарбек Мұхамеджанов бірқатар қызметкерлерді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлықтарымен марапаттап, жиналғандардың бәрі бірге естелік суретке түсті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15