You are here

ШҚО Ассамблясының кезекті ХХIV сессиясы өтті

28.12.2017, 11:26   156

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіпованың қатысуымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы форматында ХХIV сессия өтті

Жиынға Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық және қалалық Ақсақалдар кеңесі, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сараптамалық тобы, Аналар кеңесі, меценаттар клубы, журналистер клубы, жастар лигасының мүшелері және этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Өз кезегінде сөз алған   славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.А. Яковлев облыс басшысына қоғамдық келісімге көңіл бөліп, бүгінгідей үлкен ғимарат бергені үшін, барлық этномәдени бірлестіктердің атынан  ризашылығын білдірді.

Кеңейтілген отырыс барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл  басында халыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын сонымен қатар үстіміздегі жылдың сәуір айында халыққа жол тартқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында  ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының бірлесе отырып жыл көлемінде атқарған жұмыстары қорытындыланды. 

Отырыс соңында ел бірлігін  нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблясының атынан Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Ш. Жұмақсанов және әзірбайжан этномәдени бірлестігінің белсендісі М.Т. Рамизов алғыс хаттармен  марапатталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15