You are here

Шоқан Уәлихановтың мұрасы

19.11.2015, 17:41   1177

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылғы 18-19 қараша күні Барнаул қаласында, Алтай мемлекеттік университетінің базасында Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық туылған күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және жастар қауымы қатысты.

Шара ұйымдастырушылары «Қазақстан жолы және Н.Назарбаев» кафедрасы және «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы».

Іс-шара барысында Қазақстан және Ресей ЖОО жетекші ғалымдарының қатысуымен онлайн конференция, іскерлік кездесулер, экскурсиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, келген қонақтар назарына этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік бағдарлама мен «Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы» атты көрме ұсынылды.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15