You are here

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы ауысты

23.11.2015, 18:15   1143

Версия для печатиPDF versionEPUB version

23 қараша күні облыс әкімдігінің конференция залында Шығыс Қазақстан облысының бас имамын басқа облысқа ауысуына байланысты шығарып салу болып өтті. Нұрлан қажы Байжігітұлын Ақтөбе облысына жаңа жұмысына ақ жол тілеу іс-шарасына ұжымдастары, этнос өкілдері және билік басшылары келіп қатысты.

Кездесу барысында сөз алған облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Нұрлан Байжігітұлының адал еңбегіне, аймақтағы тыныштық пен келісімге қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, дәстүрлі түрде иығына шапан жапты.

Сонымен қатар имамды православ өкілдері, Республикалық татар этно-мәдени бірлестігінің өкілі Габдулхай Ишмуратов, облыстық маслихаттың хатшысы Владимир Головатюк, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Богданович Шик құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.

- Шығыс жері менің өмірімде ерекше сәттермен есімде қалды. Ең алдымен бұл жерде менің ұлым, одан кейін қызым дүниеге келді. Менің ең үлкен арманым Алла үйінің іргесі қаланған сәттен бастап соңғы кірпішінің қалануына дейін қатысып, көзіммен көрдім, Барлық шығысқазақстандықтарға алғысым шексіз, - деген ізгі лебізін білдірді Нұрлан қажы.

Іс-шара соңында қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысының жаңа имамы таныстырылды.

  

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15