«Татар әуені»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 қараша күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Татар әуені» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында татар халқының әсем әндері шырқалып, бишілер мың бұралып би биледі.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, жастар қауымы қатысты.

«Бүгінгі мерекенің маңызы өте зор. Біз көпұлтты мемлекет ретінде барлық халықтың дәстүрі мен салтын білуіміз керек. Сіздерді алдағы Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын», - деді шара барысында сөз алған татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Сергей Фаизов.

Мереке соңында «Сарман» және «Яшлик» ансамбльдері дәстүрлі татар халқының «Сау булыгыз» әнін орындады.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.