You are here

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Өскеменде

07.11.2016, 12:18   196

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласының  «Защита» стансасына келіп ат басын тіреген «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын өскемендіктер салтанатты түрде қарсы алып, қонақтарға арналған шағын мерекелік концерт ұсынды.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясының штаб жетекшісі Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарихшы Әміржан Әлпейісов қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдық айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, пойыз құрамымен таныстырды. Бұл пойызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, түрлі құзырлы орган өкілдері, дәрігерлер мен  заңгерлер бар екенін атап өтті өз сөзінде.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен ғалым, сарапшылар  Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесіп, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауаптар берді. Отырыс барысында сөз алған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы қонақтарға шырайлы шығыс өлкесіне қош келдіңіздер, - деп ізгі тілегін білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.  Бұдан әрі пойыз делегаттары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студент жастармен кездесу өткізіп, естелікке суретке түсті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15