You are here

Тәуелсіздік –халқымыздың ұлы мақтанышы

12.12.2016, 11:11   599

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Таяуда Курчатов қаласындағы Достық үйінде әскери қызметкерлер, қала ұйымдары, кәсіпорын өкілдері, этно-мәдени бірлестік жетекшілері және дін өкілдерінің қатысуымен   Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті. 

Іс-шараның мақсаты Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын бағалау, еліміздің жарқын болашағының  әрі қарай дамуына үлес қосуға үндеу.

Дөңгелек үстелді Достық үйінің директоры Шахмұрат Игембекұлы Төлеутаев ашып, отырысқа қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай келе, Қазақстан өз дамуының 25 жылында «Стратегия-2030» бағдарламасын жүзеге асырып, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгенін, «Бес институционалдық реформа» ұлт жоспары жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

Жиналғандар алдында қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айнұр Амантайқызы Ахметова «Тәуелсіздік – халқымыздың ұлы  мақтанышы»  тақырыбында  баяндама жасады.

Мерекелік іс-шараны Достық үйінің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концерт одан әрі  жалғастырды. Іс-шара соңында Ш.И. Төлеутаев Достық үйінің белсенділерін  алғыс хаттармен  марапаттады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15