Вайнахтың күзгі концерті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

25 қазан күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Вайнах» Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында мерекелік концерттік бағдарламасы өткізілді. Бұл іс-шараға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері шақырылды. Көрермендерге «Вайнах» ансамблінің дайындаған жарқын да әрі қызықты бағдарламасының ішіндегі ерекше әсер қалдырған, жас буын бишілерінің «Жігіттер» - атты биі, көрермендердің ризашылығына ие болды.

 

Сонымен қатар концертке қонақ болып келген шығармашылық топтар: «Улыбка» хореографиялық ансамблі «Кавказ» биімен, «Сияние востока» вокалдық  тобы « Родина Чечня» атты өлеңімен өз өнерлерін көрсетті.

Салтанатты шара барысында, барлық қатысушылар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталып, ал көрермендерге ұлттық тағамдар таратылды. Іс-шара соңында ансамблдің жоғарғы топ бишілері әсерлі лезгинка биін орындаумен қатар көрермендердің де өз өнерлерін көрсетулеріне мүмкіншіліктерін берді.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.