Виртуалды медиация кабинетінің ашылуы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», - атты тақырыппен халыққа жол тартқан Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті жолдауында, жаңа дәуір технологияларын игеру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын.

Өздеріңізге мәлім бұған дейін, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында медиация кабинеті ашылып, барлық басқармалармен келісім-шартқа қол қойылған болатын. Осы істің жалғасы, әрі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламысын іске асыру мақсатында, бүгін яғни 17 сәуір күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, виртуалды медиация кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Аталмыш шараға облыстық соттың судьялары, кәсіби медиаторлар, жергілікті және республикалық деңгейдегі БАҚ өкілдері қатысты.

- Бүгін біздің сіздерге көрсетіп отырған виртуалды кабинет, Қазақстан бойынша теңдесі жоқ алғашқы жоба. Оның артықшылығы, әрбір адам кез-келген ыңғайлы жерде компьютер немесе қалта телефондары арқылы кез-келген шешуін таппай келе жатқан сұрақтарын кәсіби медиаторларға жолдау арқылы тез уақыт аралығында шеше алады. Бұл жоба, Елбасымыз бастап, бағыт берген «Цифрлық Қазақастан» атты бағдарламасының жарқын келбеті , -деуге әбден болады дейді Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы.

Жоба ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап өз қызметін бастайды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.