You are here

Жаз мерекесі – «Зажинки мен дожинки»

18.09.2017, 09:48   228

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының белорус этномәдени бірлестігі,  күзгі өнімнің піскен шағында тойланатын  зажинки мен дожинки жазғы мерекесін атап өтті. Бұл –  орақтың басталуы мен аяқталуына арналған дәстүрлі күзгі мереке. Іс-шара барысында белорус халқының салт –дәстүрлері көрсетіліп, халықтық әндері орындалды.

Мерекелік іс-шараға жиналғандарды және белорус этномәдени бірлестігінің өкілдерін Шығыс Қазақстан облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Л.Б.Шик құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Мерекелеу барысында орындалған әсем әндерді көрермен қауым қосыла шырқап, ерекше ықылас танытып, қошеметтеп отырды. Сонымен қатар көрермен қауымға белорус халқының дәстүрлеріне, ұлттық тағамдарына байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Мереке соңында қатысушылар белорус халқының ұлттық тағамынан дәм татты.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 18 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15